+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қазақстандағы банктер сәуір айында 2 млн-ға жуық төлем картасын шығарды

2020 жылғы 1 маусым 23:10
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы банктер сәуір айында 2 млн-ға жуық төлем картасын шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бастап қазақстандық төлем картасы нарығында өсім байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Азия даму банкі Қазақстанға 1 млрд доллар бөледі

«2020 жылдың алғашқы төрт айының сонында айналымда 37,8 млн төлем картасы тіркеліп, оның 54% (20,5 млн) белсенді қолданылды. Сәуір айында эмитенттермен 2 млн-ға жуық төлем картасы шығарылған. Бұл төлем картасының 45% Алматы қаласының айналымында (891 мың бірлікке жуық). Ал аймақтарда төтенше жағдай кезінде шығарылған төлем картасының саны орташа есеппен 70 мыңнан асады», делінген хабарламада

2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 96,3 мың кәсіпкер 133,1 мың сауда орындарында 160,7 мың POS-терминал орнатқан.

Қазақстан аумағында 12 мың банкомат жұмыс істеп, оның 1,5 мыңы клиенттердің биометриялық идентификациялау функциясын қолдайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT