Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі 98,2% артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 143 мың трактордан және 37,6 мың комбайннан тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

2019 жылы шамамен 3,4 мың трактор және 1,2 мың комбайн сатып алынды. Былтыр шамамен 4,8 мың трактор және 1,2 мың комбайн алынды.

Жалпы, отандық зауыттар 93 млрд. теңгеге 6272 ауыл шаруашылығы техникасын өндірді. Жылдық өсімі 98,2% құрап, құны жағынан шығарылым көлемі 2,5 есеге артты.

Қазақстанда Ақмола облысындағы «Агромаш Холдинг KZ» және «Қостанай трактор зауыты» (Lovol және Кировец), «КАИК» зауыты («Беларус» және RSM маркалары) және ШҚО-дағы «СемАЗ» («Беларусь» маркасы) зауыттары трактор шығарады.

Комбайндарды «АгромашХолдинг KZ» (ESSIL маркасы), «КАИК» (Acros) және KazRost Engineering Ltd (Vector, Acros) кәсіпорындары жинайды.


Соңғы жаңалықтар