Қазақстандағы ауруханаларға қажетті дәрі-дәрмек қандай бағамен сатылып алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «СК-Фармация» АҚ Басқарма төрағасы Берік Шәріп Қазақстандағы емханалар мен ауруханаларға қазір ең көп сұранысқа ие дәрі-дәрмек түрлері қандай бағамен сатылып алынатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен қазір ең жоғары сұранысқа ие антибиотиктер туралы айтар болсақ, 500-миллиграмдық «Цефтриаксон» ұнтағының флаконын 77 теңгеге сатып алсақ, граммдық мөлшерін 155 теңгеге аламыз. «Азитромициннің» бір қаптамасын 796 теңгеге, суппозитория «Парацетамолдың» қамтамасын 341 теңгеге әкелеміз», - деді Берік Шәріп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сонымен бірге «СК-Фармация» АҚ кімдерге дәрі-дәрмек жеткізетінін де айтып өтті.

«Біз өз тарапымыздан кепілдендірілген тегін медициналық көмек көмек шеңберінде жұмыс жүргіземіз. Сол себепті фармацефтикалық дистрибьютерлар мен бөлшектік компанияларға дәрі-дәрмекті жеткізбейміз. Ауруханалар мен емханаларға ғана тасымалдаймыз», - деді Берік Шәріп.


Соңғы жаңалықтар