+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері ауызашарға арнап шелпек, бауырсақ  пісіріп таратты

2021 жылғы 1 мамыр 10:38
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері ауызашарға арнап шелпек, бауырсақ  пісіріп таратты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы АҚШ елшілігі Рамазан айымен құттықтады. Елшілік қызметкерлері тамақ әзірлеп, шелпек, бауырсақ пісіріп мұқтаж жандарға таратқан видеосымен бөлісті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын! Құранда Құдай «Ей, адам баласы!... бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың» (Әл-Хужурат 13) делінген. Дәл осындай рухты ұстанған Нұр-Сұлтандағы елшілігімізде АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері, сондай-ақ өкілдігіміздегі еріктілер Ауызашарға қосымша деп біраз тағам дайындаймыз деп шешім қабылдады», делінген хабарламада.

«Қасиетті Рамазан айында өз еріктерімен тамақ дайындап, оны мұқтаж жандарға жеткізгісі келетіндігі туралы маған хабарлады. Ықылас пен волонтерлік америкалық дәстүрдің бір бөлігі. Және мен олардың осы ынталарын Қазақстанда жалғастырып жатқанына қуанамын», деді Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер.

Ол елшілікте осындай мейірімді және қамқор әріптестердің болғанын мақтан ететінін жеткізді.

«Осы айда қазақстандық және америкалық мұсылмандардың көпшілігі пандемияға байланысты Рамазан айын оқшаулану режімінде өткізуде. Әлеуметтік ара қашықты сақтап, маска кию тек биылғы Оразада ғана қажет болады деп сенемін. Берекелі ай болсын!», - деді елші.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT