Қазақстанда жылына 10 мыңға тарта адам түрмеден шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жылына 10 мыңға тарта адам жазасын өтеп, түрмеден шығады. Мұндай статистиканы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, түзету мекемелерінің әкімшілігі жазасын өтеуші әр азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін жеке бағдарлама жасайды. Босап шыққанға дейін әр азаматқа нақты көмек көрсетеді. Тәрбие жұмысымен қатар, оның құқықтары мен міндеттемелері түсіндіріліп, босап шыққаннан кейін қайда барып тұратыны, жұмыс істейтіні, туыстарымен қарым-қатынасы, әлеуметтік қарым-қатынасы, сондай-ақ әлеуметтік қажеттіліктері сұралады. Осы сауалнамадан алынған мәліметтер әкімдіктерге, полиция мен пробация қызметтеріне жолданады», - деді Жанат Ешмағамбетов IX Азаматтық форум жұмысының тақырыптық сессиясында.

Комитет басшысының айтуынша, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға құр цифрмен баға беру мүмкін емес. Себебі жыл сайын колониялардан 10 мыңға тарта адам бостандыққа шығады.

Биыл жыл басынан бері 7328 адам еркіндікке шыққан. Олардың бәрін қайта өмірге бейімдеу үшін мамандар тиісті жұмысты жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар