Қазақстанда «Жылумен жабдықтау туралы» заң әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Жылумен жабдықтау туралы» заң жобасын әзірлепін жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Тұжырымдама жобасы «Атамекен» ҰКП-да, заңды тұлғалар бірлестігінде талқылауға жолданған, нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында және Энергетика министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.

Бүгінде Қазақстанда жылу энергетикасы саласын реттейтін бірыңғай салалық заң жоқ. Сала мәселелері «Электр энергетикасы туралы» заңда ішінара көрсетілген, бірақ барлық қажетті аспектілерді қамтымайды.

Жылумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемалардың бірі-негізгі жабдықтың жоғары тозуы (орта есеппен 59% деңгейінде) және жабдықтың пайдалы әсер коэффициентінің төмен болуы (орта есеппен 35-50%).

Сонымен қатар, жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін айқындау қажет. Саланы мемлекеттік реттеуді бірнеше мемлекеттік орган жүзеге асырады: Энергетика министрлігі - энергия өндіру саласындағы саясатты, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – жылу энергиясын беру және тұтыну саласындағы саясатты, Ұлттық экономика министрлігі – тариф белгілеуді. Бұл ретте, Қазақстанда жылу энергетикасы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау қарастырылмаған.

Жылумен жабдықтау саласына инвестициялар тарту тетігін енгізу талап етіледі. Табиғи монополиялар субъектілерінің (энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың) тарифтері жылу энергиясын өндіруге және беруге нақты шығындарды жаппайды, бұл саланың инвестициялық тартымдылығына кері әсер етеді.

Құжат Қазақстан Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарына енгізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар