Қазақстанда жылқы, қой мен ірі қара көбейіп, ешкі саны азайған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ірі қара, ұсақ мал, жылқы мен түйе саны көбейіп, ешкі мен құс саны азайған. ҚазАқпарат бұл туралы energyprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еnergyprom.kz ақпарат көзінің зерттеуіне сүйенсек, жалпы елдегі мал шаруашылықтары жыл басынан бері төрт айдың ішінде 657 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,3 пайызға артық.

«2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында мал шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 657,1 млрд теңгеге жетті. Ең жоғары көрсеткіштер Алматы облысында тіркеліп, төрт айдың ішінде онда 106,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Мал шаруашылығынан едәуір пайда тапқан үздік үш өңірге Түркістан облысы (90,8 млрд тг, +2,8%) мен Шығыс Қазақстан облысы (81,9 млрд тг, +1,6%) енген.

Ал Үкіметтің хабарлауынша Қазақстанның мал шаруашылығында тұрақты өсім сақталып отыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша саланың жалпы ішкі өнімін 2,6 трлн теңгеге, ірі қара басын 7,8 миллионға, ұсақ малдың санын 17,5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта қосымша 105 мың тонна құс етін өндіретін қосымша құс фабрикасы салынады. Сонымен қатар қазіргі құс фабрикаларының да өндірісін арттыру көзделген. Бұл ретте елдің өз қажеттілігіне баса мән берілетінін атап өту керек.

«1 мамырдағы көрсеткіш бойынша елдегі ірі қара саны 8,8 млн басқа жетті. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,1 пайызға өсіп отыр. Ал қой саны 22,3 миллилонға (+2,7%), жылқы 3,2 миллионға (+7,6%), түйе саны 243,2 мыңға (+4,1%), шошқа саны 933,4 мыңға (бір жыл бұрынғы көрсеткіштен +1,6%) жеткен. Ал ешкі саны керісінше 3 млн басқа (-1,4%) азайып, құс саны 45,2 миллионға (-0,8%) кеміген» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар