Қазақстанда жыл басынан бері 82,5 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл республика бойынша 90,5 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы қаңтар-қарашада өндіріс көлемі 82,5 млн тоннаға жетіп, жоспардан асыра өндіріліп (101,8%) жатыр. 2019 жылдың соңына дейін мұнай өндіру жоспарын біршама асыра орындап, көлемін 90,5 млн тоннаға жеткізу көзделуде», - деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында.

Оның айтуынша, 90,5 млн тонна мұнайдың 17 млн тоннасы Қазақстанда қалады да, қалғаны экспортқа шығарылады. Бұл ретте 2019 жылы 3 ірі жобада жөндеу жұмыстары жүргізілген. Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 370 мың баррельге жеткен.

«Теңіз кен орындарын келешекте кеңейту және Қашаған кен орнында газды кері айдау қуатын арттыру жобалары есебінен 2023 жылдан бастап өндіріс көлемін 100 млн тоннаға көбейту болжанып отыр. Қалған компаниялар бойынша мұнай өндірісі табиғи азаяды деген болжам бар. Қызылорда облысының кен орындарында мұнай өндіру төмендейді деп күтіледі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар