Қазақстанда жыл басынан бері 128 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 наурыздағы жағдай бойынша 128,8 мың отбасындағы 649 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 наурызға АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 154,3 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 106,4 мың отбасындағы 524,3 мыңнан астам қазақстандыққа 2021 жылғы I тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантин шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар