Валюта бағамдары:
    usd/kzt 470.9 eur/kzt 496.94

    rub/kzt 8.83 cny/kzt 70.33
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстанда жұмыс күнін заңсыз ұзартқанға айыппұл салынбақ

2021 жылғы 2 маусым 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Прокурордың қаулысын орындамағаны үшін жауаптылық белгіленеді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде депутат Гүлнар Бижанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек заңнамасына ағымдағы жылдың қаңтарында «жіберуші» және «қабылдаушы» тараптар деген жаңа ұғымдар енгізілді, олардың құқықтары мен міндеттері бекітілді. Осыған байланысты тараптар жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздеу ұсынылады. Жауаптылық қызмет көрсету шартын жасасу кезінде де, оның қолданылу кезеңінде де тараптарды тәртіпке шақыратын болады. Тең еңбек үшін тең еңбек жағдайларына конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жіберуші тараптың жұмыскерлері үшін заңнамада көзделген жұмыс уақыты мен күнделікті жұмыстың қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асырғаны үшін қабылдаушы тараптың әкімшілік жауаптылығын белгілеу ұсынылады», - деді Г. Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге ерекше назар аударды. Мұндай бағыт қадағалау органына қосымша талаптар қояды.

«Заң бойынша, прокурорға өз қаулысымен барлық заңсыз шешімдердің күшін тез арада жою, сондай-ақ мемлекеттік органдардың негізсіз актілерін тоқтата тұру құқығы берілген. Алайда, оларды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделмеген. Бұл азаматтар мен бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде прокурордың құқық қорғау функциясын төмендетеді. Осыған байланысты біз прокурордың қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық белгілеуді ұсынамыз», - деді депутат.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар