Қазақстанда жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында жол жөндеушілер шұңқырларды жамау және жолдарды таңбалау жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысында бүгінгі таңда «Алматы – Нұр-Сұлтан» автомобиль жолының 45-59 шақырымында, «Алматы – Бішкек» жолының 25-27 шақырымында шұңқырларды жамау жұмыстары басталды. Жөнделген жолдардың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрді құрайды. Аталмыш жұмыстар екі ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, мұнда жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау, жолдағы жарықтарды жою жұмыстары басталды», - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Түркістан облысында «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Асықата – Сарыағаш – Жібек жолы» жолында шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, жолдың қозғалыс бөлігін таңбалау, жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталған.

Жамбыл облысындағы жолдардың 8 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Жол қызметтері мұндай жұмыстарды «Алматы – Ташкент – Термез» жолының 239-240 шақырымында аяқтаған. Қазіргі таңда жолдарды таңбалау және жол бойын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2020 жылы Қазақстан жолдарының шамамен 484 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілмек. Жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланып, 12 мың жол белгілері ауыстырылады деп жоспарлануда», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар