Қазақстанда жол талғамайтын SsangYong көлігі құрастырылатын болады

None
None
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздің ірі кәсіпорындарының бірі «Агромашхолдинг» АҚ Allur Auto қазақстандық автомобильдер компаниясы тобымен және оңтүстік корейлік SsangYong Motors Corporation компаниясымен бірлесіп, Қазақстанда жол талғамайтын SsangYong көлігін құрастыру жобасының басталғандығын мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда SsangYong көліктерін шығару отандық тұтынушылар үшін бұл автомобильдердің бағасын 25 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», дейді Allur Auto компаниялар тобының бас директоры Андрей Лаврентьев.

Оның айтуынша, Қостанайда құрастырылатын көліктердің сапасы корейлік көліктерден еш айырмашылығы болмайды. Таяуда қол қойылған келісімшартқа сәйкес құрастыру кешенінде өндіріс және сапа менеджменті жүйесі қолданылады. Сонымен қатар кәсіпорында жұмыс істейтін көптеген мамандар Кореядан оқып келген.

Келесі жылдың ортасында алғашқы өнімін шығаратын кәсіпорын бастапқыда 1000 көлік құрастырады. Жалпы 5 жылдың ішінде кәсіпорынның жылдық қуатын 7500 бірлікке жеткізу жоспарланып отыр.

«Көлік шығаруға кәсіпорынның барлық жұмысшылары қатысады. Сонымен қатар алдағы 5 жылда тағы да қосымша 300 жаңа жұмыс орнын ашамыз. Біздің ойымызша, жоғары технологиялық өндіріс орны республиканың өндірістік қуатын арттыруға арналған бағдарламаға өзінің қомақы үлесін қосатын болады», деді «Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Дин Ким.

Соңғы жаңалықтар