Қазақстанда жоғары білімді адамдар саны 2 есеге артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 15 жылда Қазақстанда жоғары білімі бар мамандардың үлесі 2,2 есеге артты. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары мемлекеттік жастар саясаты саласында жүргізілген жұмыс аясында бірқатар бағытта оңтайлы қарқын байқалып отыр. Жастар халықаралық стандарттар деңгейінде орта және жоғары білімге қол жеткізді», - деді Дархан Кәлетаев.

Оның сөзінше, 15 жылда жоғары білімді 2 миллионнан астам кадр дайындалды.

«Жоғары білімді мамандарды шығару 2,2 есеге артты. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары 18 пайызға өсті. Білім сапасы жастар үшін басты «әлеуметтік лифтіге» айналды», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету шаралары туралы айтты.

Сонымен қатар ол осы аптада Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастарды пәтермен қамтамасыз етуге арналған жоба келісімделетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар