+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстанда жеке үйлерді сатып алу көрсеткіші күрт төмендеді

2018 жылғы 17 сәуір 12:35
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жеке үйлерді сатып алу көрсеткіші күрт төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың жеке үйлерді сатып алуы бір жылда 15% төмендеді, деп хабарлайды energyprom.kz.

Биыл наурызда қазақстандықтар 16,8 мың баспана сатып алу-сату мәмілесін жасаған, бұл былтырғы көрсеткіштен 4,6% аз.

Ең жоғары белсенділік Астанада (16% ) тіркеліп, 2,7 мыңды құраған - бұл өткен жылдың осы кезеңінен 1,4% аз. Алматының үлесі 12,9% (2,2 мың мәміле, былтырғыдан 16% аз) болса, Қарағанды облысында - 10,9% (1,8 мың мәміле, 2017 жылдың наурызынан 4,8% төмен).

Жылжымайтын нарық ҚР Президентінің «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының басталуын күтіп отыруы мүмкін. Еске салайық, жаңа бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысында жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, жаңа баспана сатып алуға арналған бағдарламаның ауқымы кеңейіп, қолданыстағы тұрғын үйді алуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Көппәтерлі үйлердегі сатып алу-сату мәмілесінің саны бір жылда (минус 0,1%) өзгеріске ұшыраған жоқ деуге болады және 2018 жылдың наурызында 12,3 мың деңгейінде қалды.

Жаңа көппәтерлі үйлердегі пәтерлер орта есеппен 5,6%-ға - бір шаршы метрге 263,1 мың теңгеге дейін қымбаттаған.

Қолданыстағы жайластырылған баспана анағұрлым арзандаған (1,3%) - бір шаршы метріне 185,8 теңге.

Екінші нарықтағы элиталы тұрғын үй былтырғымен салыстырғанда 2,6% артып, бір шаршы метрге 211,1 мың теңгені құраған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT