Қазақстанда жедел аурухана салу тәжірибесі тұрғын үйде де қолданылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жедел аурухана салу тәжірибесі тұрғын үй салуда да қолданылады. Бұл туралы BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналистер компания басшысына аурухана салудағы жедел технологиялар тұрғын үй құрысында қолданыла ма деп сұрақ қойған еді.

«Иә, бұл зауытты жазда ашып (Модуль шығаратын «Modex» зауыты - ред.), мамыр-маусым айларында жаңа тұрғын үй құрылысын бастауымыз керек еді. Бұл технология 16 қабаттық тұрғын үйді үш айда салуға, барлық өңдеу жүргізіп, кілтін беруге мүмкіндік береді. Бұл зауытты тұрғызуды бір жыл бұрын бастап едік, қазір кәдеге жарағанына қуаныштымыз», - деді Айдын Рахымбаев тілшілерге берген сұхбатында.

«Бұл - ең жаңа технология, зауытты кейінірек іске қосамыз. Осы зауыт құрылыс алаңында 8-10 адаммен ғана ғимарат тұрғызуға мүмкіндік береді. Қазіргі құрылысқа әрбір компаниядан командалар келді. Себебі, Үкімет тапсырмасымен бұл аурухананы тезірек тұрғызуымыз керек», - деді Айдын Рахымбаев.

Сонымен бірге, спикер мердігерлердің көмегі үшін ризашылық білдірді.

«Күн сайын «Қандай көмек керек?» деп хабарласып жатқандар бар. Кеше «Семей-Цемент» директоры хабарласып, материалды екі есе төмендетілген бағада жеткізуді ұсынды. Мердігерлер де көмек ұсынып, жиі хабарласады», - деді А. Рахымбаев.

Еске сала кетсек, бүгін елордалық журналистер COVID-19 вирусын жұқтырғандарды жатқызуға арналған госпиталь құрылысымен танысты.

3 сәуірде ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханаларын салуды ұйғарды. Оның құрылысына тез тұрғызылатын құрылымдар қолданылмақ .



Соңғы жаңалықтар