Қазақстанда жауын жауып, ауа температурасы төмендейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер тамыздың 20-22 аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«Қазақстанға Батыс Сібір өңірлерінен суық атмосфералық ағындармен циклон ығысып, олар республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарына қарай жылжиды. Соның салдарынан республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ бұршақ жауып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал»,-делінген хабарламада.

Батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз, оңтүстікте ыстық бәсеңси түседі.

Соңғы жаңалықтар