Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу шарасы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 2020 жылғы 9 қарашада басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы аукциондар жалпы қуаты 20 МВт болатын гидроэлектр станцияларының жобаларын іріктеуден басталды. ҚР ЭМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компанияға рұқсат етілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 27 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірлік қуаты 1-ден 5 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі – 23 МВт. 2020 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 14,98-ден 15,20 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Аукциондық сауда-саттықты өткізу Қағидаларының 56-1-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа екі қатысушы 13,48 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) бағасы бойынша оферта қабылдады. Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға диапазоны 13,48-ден 15,20 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды:

- «UBS POWER» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Шығыс-Қазақстан облысының Жарма ауданына жақын орналастыру жоспарлануда;

- «Jasyl qýat» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы-Ақсу ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «ТАУЭНЕРГО» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 14,98 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксай ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «Altyn Esik» Басқарушы компания» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық бағасы 14,99 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысының Есік қаласына жақын жерде орналастыру жоспарлануда;

- «Көксу-Қуат» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық бағасы 15 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Көксу ауданы Лабасы ауылдық округіне жақын орналастыру жоспарлануда;

- «ТАУЭНЕРГО» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 15,01 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксай ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «Ынтымақ» ӘКК» өндірістік кооперативі (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 1,5 МВт, аукциондық бағасы 15,02 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Көкпақ ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «DALA SOLAR» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 15,03 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Кентау қаласы Майдантал ауылдық округінің Ынталы (Майдантал) ауылына жақын орналастыру жоспарлануда;

- «МТ и К» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 5 МВт, аукциондық бағасы 15,2 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Сарқан ауданы Қарғалы ауылының маңында орналастыру жоспарлануда.

Аукционды өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «ҚЭҚ» ЗТБ, Азия даму банкінің өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 2020 жылғы 10 қарашада 15 МВт КЭС түрі бойынша белгіленген.


Соңғы жаңалықтар