Қазақстанда жаңартылатын энергия көлемі артып келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша жаңартылатын энергия көздері нысандарынан өндірілген электр энергиясының көлемі жыл басында белгіленген жоспардан асып түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 айдың ішінде елімізде 87,1 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілді. Бұл көрсеткіш осы жылдың 10 айының жоспарына тең – яғни 100 %. Электр энергиясын өндіру тікелей энергия тұтыну көлеміне қатысты екендігін айта кеткен жөн. Есепті кезеңде ірі апаттық жағдайлар тіркелген жоқ. 10 ай ішінде 16 643,4 тонна уран өндірілді, бұл есепті айдың жоспарына 102,7%-на тең», - деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 2,37 млрд Квт сағ құрап отыр. Бұл осы жылдың 9 айының жоспарынан асып түсіп, яғни 101,3 %-дық көрсеткішке жеткен.


Соңғы жаңалықтар