Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуға қолайлы жағдайлар жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов елде жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін қандай қолайлы жағдайлар жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мақсатта ұсынылып отырған шаралардың қатарында жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру мерзімін 5 жылға ұзарту ұсынылады. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Шавхат Өтемісов жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру кезінде.

Оның айтуынша жаңартылатын энергия көздері жобалары алдындағы төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындамау жағдайы кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда заң жобасында Үкімет тарапынан қаржы-есеп айырысу орталығына көмек көрсету туралы норма ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар