Қазақстанда жанар-жағармай нарығындағы баға тұрақтанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жанар-жағармай нарығындағы баға тұрақтанады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Толықтай алғанда еліміздегі АИ-92 маркалы бензиннің қазіргі қор деңгейі қолайлы. Қабылданған іс-шаралардың арқасында жыл басымен салыстырғанда қор 60 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін артты. Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, жанар-жағармай нарығындағы бағаның тұрақтануы күтіледі», - делінген Үкімет басшысының орынбасарының ресми жауабында.

Роман Склярдың атап өтуінше, мұнай өнімдері ресми экспортының көлемін реттеу өкілеттігі мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру құралы ретінде Энергетика министрлігіне берілген. Бұл заңнамалық тұрғыда бекітілген.

«Аталған тетік асында Энергетика министрлігі 2021 жылдан қаңтарынан бастап экспорт жеткізілімі алынып басталды», - деп жауапты берлі вице-премьер.

Бұған дейін еліміздің өңірлерінде бензин бағасын ымыраласа отырып көтеру белгілері анықталмағандығын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар