Қазақстанда жаңа мереке аталып өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«11-1. Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні – 7 маусым»», делінген құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар