Қазақстанда жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2020-2030 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық заңнаманының негізгі салаларын жетілдіру аясында 2020-2030 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланған», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданғаннан кейін, оның негізгі ережелерін жүзеге асыру мен оны қолданудың бірыңғай тәжірибесін әзірлеу мақсатында аталған кодексті іске асыру құжаты қабылданады.

«Мемлекеттік органдар интернет-порталының базасын НҚА-ның эталонды бақылау банкімен интеграциялау бойынша шаралар қабылданды. Бұл өз кезегінде ресми жарялауға тіркелген НҚА-ны бағыттау мерзімін 10-нан 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді», - деді М. Бекетаев.


Соңғы жаңалықтар