Қазақстанда жаңа көліктерге сұраныс қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 10 айында Қазақстанда 38 953 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіпке» сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда құрастырылған көліктердің жалпы құны 269,2 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 41,9 пайызға өсіп, 34 276-ға жетті.

Жыл басынан бері отандық автозауыттар 33 904 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 43,9 пайызға жоғары болды.

10 айдың қорытындысы бойынша жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 238,1 млрд теңге жұмсап, осы сома бір жыл бұрынғы деңгейден 71,5 пайызға жоғары болды.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (12 013 көлік сатылды), Hyundai (11 384), KIA (2 672), Ravon (2 029) және Skoda (857) енді.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (814 көлік), Chevrolet (678), UAZ (336), сондай-ақ Peugeot (33) бар екенін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар