Қазақстанда жаңа көлік мінетіндер саны артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жаңа көлік мінетіндер саны артты. ҚазАпарат бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Статистикалық мәліметке сәйкес, биылғы қаңтар-қазанда елімізде 650 298 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,8% кем.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3895,8 мың бірлікті құрайды.

2019 жылдың қаңтар-қазанында зауыттан шыққанына 3 жылдан аспаған 73 371 көлік тіркелген болса, биыл 98 104-ті құраған. Сондай-ақ биыл құрастырылғанына 3-7 жыл болған 99 702 машина тіркелген. Былтырғы көрсеткіш – 143 895. 2020 жылдың қаңтар-қазанында 7-10 жыл аралығындағы 58 961 автомобиль тіркелген, 2019 жылы – 40 156. Биыл құрастырылғанына 10 жылдан асқан 393 518 көлік тіркеуге алынған, өткен жылы - 479 673.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, биылғы қаңтар-қазанда ел аумағында 10 408 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 15 123 адам зардап шекті. Өткен жылмен салыстырғанда апаттылық 22,3% азайған.

«Бұдан бөлек, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 23,4 млрд теңге сомасында 55994 сақтандыру төлемін жүзеге асырды», - делінген ведомство ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар