Қазақстанда жалға берілетін жер учаскелерінің шекті өлшемі бекітіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті ең жоғарғы өлшемін бекіту туралы арнайы қаулы қабылданады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының отырысына қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті ең жоғарғы өлшемін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысын қабылдау мәселесі қаралды. Бұл – өте өзекті мәселе. Бұл ұсынысты жұмыс тобының барлық мүшесі қолдады», - дейді экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуынша, тағы бір мәселе – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбас үшін сауда-саттықсыз (конкурссыз, аукционсыз) жер беру кезінде инвестициялық жобаны айқындау тәртібін белгілеу қағидаларын қабылдау.

«Бұл норма тиісті заңда қаралып жатыр. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік кодексіне өзгеріс енгізілуде. Бұл мәселені күн тәртібінен алып, заңға енгізу керек деген ұсынысты отырысқа қатысқандардың бәрі қолдады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар