Қазақстанда зейнет жасын көтеру жоспарланып отырған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі зейнет жасын көтеру мәселесін қарастырмайды. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған ақпаратта «Халықтық коммунистер» франкциясының зейнет жасын төмендету ұсынылған депутаттық сауалына берілген жауапта 2018 жылы күшіне енген қолданыстағы зейнетақымен қамту жүйесіне түсіндірме берілгендігі айтылған.

Бұл ретте еңбек нарығында қалыптасып отырған әлемдік трендтер, сондай-ақ түрлі елдердегі демографиялық үрдістер мысал ретінде келтірілді.

«Премьер-Министрдің берген жауабында ҚР-да зейнет жасын одан әрі арттыру туралы ештеңе айтылмаған, себебі мұндай мәселе бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған жоқ. Осылайша, ҚР-да зейнет жасын арттыру көзделгені туралы кейбір БАҚ-та таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деді Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының зейнет жасын төмендетуге қатысты ресми сауалына жауап берген болатын.



Соңғы жаңалықтар