Қазақстанда заңсыз жүрген Мысыр азаматтары ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Мысырдың 2 азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«17 қарашада Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Алматы-Петропавл» бағытында жолаушылар пойызын тексеру кезінде Петропавл теміржол вокзалының полиция бөлімшесіне екі ер адамды жеткізді. Олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен 21 және 28 жастағы Мысыр азаматтары екендігі анықталды», - делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Соңғы жаңалықтар