Қазақстанда вакцина жасап шығару жолға қойылған жоқ – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа немесе басқа да ауруларға қарсы вакцинаны жасау өндіру ісі әлі жолға қойылған жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцина сынақтың 1-2 сатысынан өткен кезде сау еріктілер таңдалып алынады. Олар - 18 жастан 60 жасқа дейін азаматтар. Зерттеулер осы топтағы азаматтар арқылы жүргізіледі. Кейінірек тестілеудің үшінші сатысында айғақтар артып, тестер кеңірек топтарға жасала бастайды», - деді Алексей Цой журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ, кез-келген мемлекет технологиялар, білім трансферті бөлісе бермейтінін, ең бастысы, осындай мүмкіндіктерді іске қосуға дайын емес атап өтті.

«Біздің елде көпфункционалды зауыттарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Коронавирусқа ғана қарсы емес, басқа вакциналарды да өндіру мүмкіндігіне ие болуымыз керек. Бізде мұндай өндіріс әлі жоқ», - деді министр.

Еске сала кетсек, Қазақстандық вакцина зауыты салынып жатыр. Сонымен қатар, Алексей Цой «Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе» деген сұраққа жауап берген болатын.


Соңғы жаңалықтар