Қазақстанда ұшақ пен пойызға рұқсат беріліп, автобустар уақытша жүрмейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуін ескере отырып, мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік қатынасы мынадай шектеу шаралары енгізіледі:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.


Соңғы жаңалықтар