Қазақстанда уранның 469 мың тонна қосымша қоры анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатына жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының арқасында елдегі уран қоры 469 мың тонна кенмен толыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев орталық коммункациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде осындай мәлімет берді.

«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың минералдық-шикізат әлеуетін нығайту және шикізат базасын қамтамасыз ету үшін 1991 жылдан бастап жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша алғаш рет көмірсутегі шикізатының 135 кен орны, жерасты суларының 99 кен орны, қатты пайдалы қазбалардың 224 кен орны мемлекет меншігіне алынды. Оның ішінде 94 – алтын, 14 – мыс, 19 – марганец кендерінің, 16 – темір кендерінің, 4 – полиметалдардың қоры бар», - деген министрдің орынбасары бірнеше ескі кеніштердің қоры қосымша барлау арқылы көбейтілгенін атады.

«Бұрын зерттелген кен орындарының шикізат базасы ұлғайтылды. Васильковский кен орнының қорлары бірнеше есе өсті. Жер қойнауын пайдаланушылардың өз күшімен жүргізген барлау жұмыстарының қорытындысы алтынның – 1,9 мың тонна, уранның – 469 мың тонна; марганец кенінің – 160,7 млн тонна, темір кенінің– 2,9 млрд тонна, мұнайдың – 2,5 млрд тонна, газдың – 506 млрд текше метр, газ конденсатының – 277,2 млн тонна қоры анықталды», - деді виеце-министр.


Соңғы жаңалықтар