+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда үнді штамының анықталуы: Авиарейстер жабылуы мүмкін бе

2021 жылғы 23 маусым 20:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда үнді штамының анықталуы: Авиарейстер жабылуы мүмкін бе

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Коронавирустың үнді штамына байланысты әуе рейстері жабылуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде вакцина салдырған 100 студенттің оқу ақысына жеңілдік жасалады «Ashyq-қа кіру оңайырақ бола түсті» – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Коронавирус: Қытайда оқу жылы кеш басталуы мүмкін

«Біз ешкіммен әуе коридорын жаппаймыз. Бізде 150-ге жуық рейс бар, 14 елмен тығыз байланыс орнатылған. Өздеріңіз білесіздер, біз баяғыда-ақ қауіпсіздік шараларын қабылдағанбыз: Қазақстанға келетін барлық азаматтарға ПТР-тест міндеттелген. Бұл тіпті шетелде жүрген азаматтарға да қатысты. Әуе кеңістігін шектеу әлі жоспарланып отырған жоқ», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына орай.

Бұған дейін Ералы Тоғжанов «Қазақстанда үнді штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе?» деген сауалға жауап берген еді.

«Бүгінгі күні республика аумағына локдаун енгізуге байланысты еш мәселе көріп отырған жоқпыз. Ол күн тәртібінде де жоқ. Кеше ведомствоаралық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласында нақты шектеу шараларын қабылдадық. Сөз жоқ, оның бәрін алдын алу шаралары деп айтуға толық мүмкіндік бар. Оның ішінде нақты объектілер мен қызмет көрсету саласына, халық көп жиналатын сауда орталықтарына байланысты қандай шаралар қолға алынғанын өздеріңіз естідіңіздер. Сондықтан қазір осы шаралар айналасында жұмыс істей береміз. Әрі қарайғы шешім қабылдауымыз елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - деп жауап берді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, 22 маусымда елордада коронавирустың үнді штамы анықталды. Коронавирустың «Дельта» штамының жұғу қаупі жоғары және осы штамм анықталған науқастардың 60 пайызында 7 күнге дейінгі барынша қысқа инкубациялық кезең байқалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT