Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері 12 пайызға жуық өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы қаңтар-ақпанда елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 44 643 мәміле жасалды. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 22 977 құрады және өткен аймен салыстырғанда 6,1 пайызға артты. 2020 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,8 пайызға өсті», - делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер сатып алу-сату мәмілелерінің басым бөлігі Алматы (3 845), Нұр-Сұлтан (3 027) қалаларында және Қарағанды облысында (2 149) тіркелген. Ал жеке тұрғын үйлерді сатып алу-сату көрсеткіші Алматы (952), Түркістан (529) және Шығыс Қазақстан (443) облыстарында жоғары.


Соңғы жаңалықтар