+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

Қазақстанда тікелей халықаралық әуе рейстер саны артады

2019 жылғы 9 желтоқсан 10:37
Бөлісіңіз:
Қазақстанда тікелей халықаралық әуе рейстер саны артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бірқатар елмен әуе қатынасы туралы келісімдерге қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Түркия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді»,- делінген Комитет хабарламасында.

Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр, сонымен қатар салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Ыстанбұл-Түркістан бағыты бойынша рейстерді ашуға алғашқы шетелдік әуе компаниялардың бірі болып қызығушылығын растады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әуе қатынасы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюдеICAN 2019 аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді.

«Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді», - деді Комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Австриямен әуе қатынасын кеңейту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«Ашық аспан» режимі аясында Австрия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.Екі ел арасында аптасына 21 рейске дейін, атап айтқанда Вена - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7 рейске дейін, сонымен қатар тағайындалған әуе компанияларға (Austrian Airlines, Air Astana) Вена - Алматы бағыты бойынша аптасына 7 рейс және Вена-Ақтау бағыты бойынша аптасына 7 рейс орындауға мүмкіндік берілді.

Еске салсақ, ҚР Президенті тікелей халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру қажеттігі туралы тапсырма берген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT