Қазақстанда тәуелсіздік жылдары 154 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тәуелсіздік жылдары 154 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел тәуелсіздігін алғаннан бастап (1991-2019 жылдар) барлығы 154,4 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. 1,4 млн-нан астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үйді пайдалануға беру тарихы туралы толығырақ айта кетсек. 2004 жылдан бастап орта класс пен халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары үшін тұрғын үй салуды ынталандыру жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бірінші бағдарламасы әзірленді. Яғни, бұл коммуналдық тұрғын үй және қолжетімді тұрғын үй құрылысы балалары бар жас отбасылар, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындар, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналды. 2005-2007 жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 1113 млрд теңге инвестиция бағытталды. Жоспар бойынша 15,8 млн шаршы метр салынуы керек болса, іс жүзінде 17,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін, тұрғын үй құрылысы саясаты 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бағдарламасы аясында жалғастырылды. Аталған кезең қорытындысы бойынша 19,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысының көлемін сақтау, жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру, тұрғын үй құрылыс жүйесінің әлеуетін неғұрлым кеңінен пайдалану үшін, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу үшін 2011 жылғы 31 наурызда Тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Осылайша, тек 2011 жылы 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды.

2012 жылы 7 міндетті шешуге бағытталған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаты әзірленді. Мәселен, 2012-2014 жылдары жоспарда 19,5 млн шаршы метр болса, іс жүзінде 21 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Содан кейін, Президенттің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауы аясында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға, экономикалық өсу орталықтарында халық пен капиталды шоғырландыруды ынталандыруға бағытталған «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бекітілді. 2013-2015 жылдары инвестиция көлемі 497,8 млрд теңгеден 740 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл тұрғын үй қорын елімізде 340,6 млн шаршы метрге дейін ұлғайта отырып, 24 млн шаршы метр жаңа тұрғын үйді іске қосуды қамтамасыз етті.

Дағдарысқа қарсы міндеттерді іске асыру мақсатында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Онда Ұлттық қор қаражатынан тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттер аясында тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру көзделген. 2015-2016 жылдары 19,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысы саласындағы барлық ресурстарды бір бағдарламада шоғырландыру мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жер» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. 2017-2018 жылдары 36,8 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Шамамен 333 мың азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсартылды.


Соңғы жаңалықтар