Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтемемен.

1 сәуір күнгі 08:15-тегі жағдай бойынша, Шымкент қаласында - 1 адам, Түркістан облысында 4 адамнан коронавирус анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 348 науқас тіркелді.


Соңғы жаңалықтар