Қазақстанда сұйытылған мұнай газын елден әкетуге қосымша шектеу енгізілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков сұйытылған мұнай газын экспортқа шығаруға қатысты қосымша шектеулер енгізуді жоққа шығармады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сұйытылған мұнай газын автокөлікпен шығаруға тыйым салынған. Қазіргі кезде теміржол көлігімен шығаруға осындай шектеулерді енгізуді қарастырып жатырмыз. Бұл тұрғыда бекітілген шарттың тұрақтылығын сақтап отырған ТШО және басқа да компанияларды қоспағанда, толықтай тыйым салу ескерілген. Келісімде жазылған барлық талаптардың тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек», - деді Мұрат Жөребеков онлайн брифингіде.

Осы орайда ол теміржол көлігімен шығаруға тыйым салу мәселесі қазір пысықталып жатқанын нақтылады.

«Біз баға қазіргі деңдейде тұрақтанады деген ойдамыз. Біршама деңгейде өсуі ықтимал, бірақ та кейіннен биржадағы сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде біркелкі болады. Бізде әлі де 30 пайызы электронды сауда алаңдарына шығарылмаған. 1 қаңтардан барша көлем биржаға шығарылса, сонда бағаны біршама болжауға болады. Яғни, 1-2 сауда өткеннен кейін қарауға болады», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының ішкі нарыққа электронды сауда алаңы арқылы сатылатын үлесі ішкі нарықта тұтынудың 70 пайызын құрайды. 2019 жылы бұл көрсеткіш 5 пайыздан басталса, қазір 70 пайызға жетті.


Соңғы жаңалықтар