Қазақстанда судьялар үкімді түсіндіруді үйренеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сот актілерін дұрыс түсіндіру үшін судьяларды оқыту ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 наурызда жоғарғы сот органының жалпы отырысында Жоғарғы соттың «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Аталған құжат жарияланған сот шешімін түсіндіру және нормативтік қаулыда көрсетілген құрылымдық, пішіндік және мазмұндық талаптарға сай келетін сот актілерін шығару мәселелерін қамтиды. Осылайша, судьялар неғұрлым түсінікті сот актілерін шығаруы тиіс.

Жергілікті соттарға судьялар үшін тиісті оқыту семинарларын ұйымдастыру тапсырылды.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов сот актілерінің барлық азаматтарға түсінікті болуы қажеттігін атап өткен еді. 

Соңғы жаңалықтар