Қазақстанда су құстарының санағы жүргізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы (ҚБСА) Халықаралық суда жүзетін және су маңында мекен ететін құстарды тіркеу есебіне (International Waterbird Census) қосылып, еліміздегі су құстарының санағын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық есеп бір мезетте әлемнің 100 елінде жүргізіледі.

«Бірінші болып ҚБСА клубының мүшелері құстардың есебін жүргізуге Ақтау қаласына аттанды. Маңғыстау облысында негізгі орнитологиялық аумақтардың бірі – Қаракөл орналасқан. Оқушылар ол жерден мыңдаған құстың барын анықтаған. Оның ішінде қоқиқаз да бар», - делінген ҚБСА-ның Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен бірге, клуб мүшелері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында мекен ететін құстарды санауда.

«Қатарымызға қосылуға ниетті кез келген азамат халықаралық шараға атсалысып, өзіне жақын маңдағы су айдындарындағы құстардың санағын жүргізе алады», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар