Қазақстанда сот сараптамасы өндірісі бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке сараптама қызметін және бәсекеге қабілетті сараптама ортасын қалыптастыру үшін жағдай жасау мәселесі басты назарда болуды және нақты шешімдерді талап етеді. Жоғарғы сотпен бірлесіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының Сот сараптамасы институттарында соттардың бастапқы сот-құрылыс, тауартану және экономикалық сараптамаларды азаматтық істер бойынша жеке сот сарапшыларына тағайындау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Марат Бекетаевтың атап өтуінше, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрық аясында Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

«Пилоттық жоба оң нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, сараптамалар жүргізу мерзімдері қысқартылды және мемлекеттік сарапшылардың жүктемесі азайтылды. Осы бағыттағы жұмыс сараптамалар түрлерінің санын және республика өңірлерін ұлғайту жолымен жалғастырылатын болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар