Қазақстанда соңғы бес жылда 135 фильм және сегіз сериал түсірілген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 5 жылда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша 150 отандық фильм және 8 сериал түсірілуі керек болған. Бірақ іс жүзінде 135 фильм мен сегіз сериал түсірілген, тағы 12 жұмыс тапсырылмаған, ал қалған үшеуі бойынша ақпарат жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылы 17 фильм түсіру жоспарланған болатын, іс жүзінде барлығы 11 кинокартина түсірілген. Тағы алтауы әлі тапсырылған жоқ. Түсірілген фильмдердің ішінде көркем фильмнің орташа ұзақтығы - 100,5 минут, деректі фильм - 50,1 минут, анимациялық фильм - 37,7 минут. Қысқа метражды фильмдердің орташа ұзақтығы 28,8 минутты құрады.

2019 жылы фильмдердің тек екі түрі түсірілді: ұзақтығы 117,4 минут болатын көркем фильмдер және орташа ұзақтығы 52,6 минуттық деректі фильмдер. Бес жыл ішінде түсірілген фильмдердің ішінде жанрлар бойынша 57 драма, 75 деректі және үш анимациялық фильм түсірілді. Соның ішінде 2019 жылы бір драма мен жеті деректі фильм түсірілді. Ал үш фильмнің жанрлары туралы нақты ақпарат жоқ.

Тіл тұрғысынан алғанда қазақ тіліндегілеріне басымдық берілген: 71 фильм қазақ тілінде түсірілсе, 58-і - орыс тілінде. Сондай - ақ, ағылшын тілінде төрт кинокартина және екі тілде, орыс және қазақ тілінде бір фильм түсірілді. Бір кинолента туралы ақпарат жоқ. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 41,2 млрд.теңге сомасында фильмдер мен бейнефильмдер, телебағдарламалар, сондай-ақ фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша қызметтер көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар