+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Қазақстанда Социалистік Еңбек Ері атағы үшін берілетін жәрдемақы мөлшері артады

2020 жылғы 1 сәуір 12:53
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Социалистік Еңбек Ері атағы үшін берілетін жәрдемақы мөлшері артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға жәрдемақы мөлшері артады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңға енгізілетін өзерістер басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы белгілеуді, сондай-ақ заңнамалық актіде қарастырылған жекелеген санаттағы азаматтарға жәрдемақы мөлшерін арттыруды көздейді. Бұл жәрдемақыға байланысты өзгерістер сіңірген және жанқиярлық еңбектерін мойындау мақсатында Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосқан үлкен үлестері үшін 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға қатысты», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттен жеңілдіктер мен кепілдіктер алатын ардагерлеріміздің саны 169 мың болса, қосымша көзделіп отырған ардагерлермен бірге мемлекеттік қолдау шараларымен 180 мыңнан астам ардагер қамтылатын болады.

Министрліктің мәліметінше, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 2,13 АЕК-тен (2020 жылы-5 647 теңге) 4,8 АЕК-ке дейін (2020 жылы-12 725 теңге) арттыру ұсынылады.

Бұдан басқа, әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Социалистік Еңбек Ерлері үшін берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін қайта қарау ұсынылды.

2019 жылдағы 1 қаңтарынан бастап «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар үшін 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді (2019 жылы – 350041 теңге). Бұл «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған адамдарда және өткен жылдары елдің дамуына елеулі үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлеріне жәрдемақы мөлшеріндегі едәуір айырмашылықтарға алып келді. Осыған байланысты Екінші дүниежүзілік соқысға қатысушылар қатарынан Социалистік Еңбек Ерлері, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлері үшін жәрдемақы мөлшерін 74,65 және 9,6 АЕК – тен 138,63 АЕК-ке дейін (2020 жылы-367 508 теңге) арттыру ұсынылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ардагерлер туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT