Қазақстанда шығармашылық пен өнер саласындағы қызмет көлемі 2 есе құлдырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың І-жартыжылдығында шығармашылық, өнер және көңіл көтеру салаларындағы қызмет көлемі 21,4 млрд теңгені құрады. Бұл - соңғы 5 жылдағы алғашқы құлдырау әрі өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 16,8 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қыркүйектен бастап театрларға залдағы орындардың 50 пайызын ғана толтырып, 50 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілген. Ал кинотеатрлардың жұмысына әлі күнге дейін тыйым салынған.

Қазақстанда шығармашылық, өнер және көңіл көтеру саласындағы қызмет көлемінің қысқаруы мына үш өңірде ерекше байқалады: елорда (-43,5 пайыз), Алматы (-31,5) және Атырау облысында (-32,8). Бұған қоса сектордағы қызметтердің жартысынан көбі аталған үш аймаққа тиесілі.

Қызмет көлемі бойынша ТОП-3 өңірге Нұр-Сұлтан (5 млрд теңге), Алматы (4,2 млрд теңге) және Қарағанды облысы (2 млрд теңге, бұған қоса аталған облыста еліміздің өңірлері ішінде қызмет көлемі 63,4 пайызға өсім көрсетіп отыр) кіреді.

Сектордағы қызмет көлемінің өсімі театр (202,6 млн теңге немесе 1,9 пайыз өсіммен 10,8 млрд теңгеге дейін) және циркте (109,3 млн теңге немесе 22,1 пайыз өсіммен 604,9 млн теңгеге дейін) тіркелген.

Қызметтердің ең көп қысқаруы көркем және әдеби шығармашылық (3 млрд теңгеге жуыққа немесе 69,5 пайызбен 1,3 млрд теңгеге дейін), концерт пен театр залдары қызметі (968,2 млн теңгеге немесе 53,8 пайызбен 832,7 млн теңгеге дейін) салаларында байқалады.


Соңғы жаңалықтар