Қазақстанда шетелдік тасымалдаушылар үшін алым мөлшерлемесі артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда шетелдік тасымалдаушылар үшін алым мөлшерлемесін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Симонов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қадамдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

«Заң жобасында Салық кодексінен ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде қолданылатын ҚҚС бақылау шоты жөніндегі нормаларды алып тастау ұсынылады», - деді С. Симонов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, мұндай шешім Қаржы министрлігі тарапынан жүргізілген пилоттық жоба кезінде қабылданды.

Сонымен қатар заң жобасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін шетелдік тасымалдаушыларға арналған алым мөлшерлемесін 20-дан 30 АЕК-ке дейін арттыру ескерілген.

Құжатта темекі өнімі бөлігіндегі «акциздік маркалар» терминін «сәйкестендіру құралдары» терминіне ауыстыру ұсынылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Соңғы жаңалықтар