Қазақстанда шекарадан өту тәртібі өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ҚР азаматтарына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге шығуға және аталған елдердің азаматтарына Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат беріледі. Шетелдіктер үшін негізгі шарт – визалық талаптарды сақтау, Қазақстан Республикасына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматы болуы және осы мемлекеттен тікелей рейспен жүруі тиіс. Осы тәртіпке сәйкес елге кіруге рұқсат етілген шетелдіктер де ҚР амағына кіру үшін тікелей әуе рейстерін пайдалана алады», - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге:

- Қазақстан Республикасына экипаждан тыс ауысымға бара жатқан, теңіз кемелерінің қызметкерлері құрамынан тұратын шетелдік азаматтарға – теңіз (өзен) кемелерінің қызметкерлері құрамына қатысы мен мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары болған жағдайда;

- Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық қызметімен айналысатын тауар иелеріне - ауылшаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттар болған жағдайда (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізім мен үлгі құжаттарына сәйкес);

- шетелдік оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының кәмелет жасқа толмаған азаматтарын ертіп жүретін ата-аналарына (қорғаншылары немесе қамқоршыларына), сондай-ақ олардың студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын рәсімдеу, емтихан (тест) тапсыру үшін - шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы және осы мақсаттармен шет елге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда рұқсат етілген.

Елден шыққан кезде Қазақстан Республикасының азаматтары қолданыстағы шектеулерді және сапар жоспарланған елге кіру мүмкіндігін өз бетінше анықтауы қажет.


Соңғы жаңалықтар