Қазақстанда шаш қию бағасы қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты жұмыстарын тоқтатқан шаштараздар 4 мамырдан бастап жұмыстарын бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат Finprom.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Елде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты жұмыстарын тоқтатқан шаштараздар 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісті. Енді қазақстандық тұрғындар шаш үлгісін қалпына келтіре алады. Шаштараздар ашылғанмен, сұлулық салондары әлі ашыла қойған жоқ, себебі басқа қызмет түрлері ұзағырақ уақыт алып, ауру жұқтырып алу қаупін арттырады.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында кезек күткендер жиналып қалмас үшін шаштаразға алдын ала жазылып қою керектігі туралы жазылған .

Қазақстанда әйелдердің шашын қию наурыз айының соңында орташа есеппен 1900 теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,4%, ал өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда 4,8% көп.

Шаш қию Алматы тұрғындары үшін 4,7 мың теңге, Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін 4 мың теңге. Елімізде ер адамдардың шашын қию әйелдердің шашын қиюға қарағанда үштен бір бөлігіне арзан, яғни 1300 теңге. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5%, ал өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда 6,6% қымбат.

Ер адамның шашын қию Алматыда орташа есеппен 2800 теңге болса, Нұр-Сұлтанда 2100 теңге.

Жалпы алғанда, шаштараз қызметі бір ай ішінде 0,2%, ал бір жыл ішінде 5,2% қымбаттады.


Соңғы жаңалықтар