Қазақстанда сатылған жаңа көліктің орташа құны қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 70 мыңнан астам жаңа көлік сатылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есепті кезеңде қазақстандықтар 633,6 млрд теңгеге 70 549 жаңа жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік сатып алды. Бұл көліктердің орташа құны 10,5 млн теңге болып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 16,3 пайызға өсті», - делінген таратылған мәліметті

Атап айтқанда, нарықта Қазақстанда шығарылған көліктердің бағасы төмендеу болып тұр. Елімізде құрастырылған автомобильдердің орташа бағасы 7,6 млн теңге болса, ал импорттық көліктердің орташа құны 13,7 млн теңге шамасында тіркелді.

10 айдың қорытындысы бойынша көлік сатып алушылардың төрттен бірінен астамы (31,7 пайызы) 5 млн теңгеден қымбат емес автомобильді таңдаған. Бір жыл бұрын бұл сегмент нарықтың 27,3 пайызын қамтыған еді.

5-7 млн теңге тұратын техниканың 22,4 пайызы (15 824 көлік) өткізілді. Сатып алушылардың 15 пайызы 7-10 млн теңге сомасындағы (10 585) автокөлікті алды.

Ал бизнес (10-15 млн теңге) әрі премиум-санаттағы (15 млн теңгеден жоғары) сегменттерге сәйкесінше 20 пайыз (14 138 көлік) және 10,8 пайыз (7 618) тиесілі болды. 10 млн теңгеден қымбат техниканың жалпы үлесі 7,2 пайыздық пунктіге төмендегенімен, бұрынғысынша бастапқы нарықтың үштен бірін қамтып тұр.

Құны жағынан төмен автомобильдің ТОР-10 қатарына Chevrolet Nexia (3,2 млн теңге), Lada Granta (3,7 млн теңге), Ravon R2 (3,8 млн теңге),

Chevrolet Cobalt (4,2 млн теңге), Lada 4x4 (4,3 млн теңге), JAC S3 (5 млн теңге), Chevrolet Niva (5,2 млн теңге), Lada Largus (5,3 млн теңге), Renault Logan (5,7 млн теңге) және UAZ Patriot Pickup (6,8 млн теңге енді.


Соңғы жаңалықтар