Қазақстанда салық мәдениеті жыл санап жақсарып келеді – «Ашық бюджет» жобасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда салық мәдениеті жыл санап жақсарып келеді.

Бұл туралы «Ашық бюджет» жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Құлмұхамбет Исақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы біз мемлекеттік қызметтің 44 түрін көрсетеміз. Қазан айының көрсеткіші бойынша 1 млн 522 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 98 пайызы салықтық қызметтерге қатысты. 2 пайызы кедендік қызметтерге тиесілі», - дейді Құлмұхамбет Исақов.

Ашық онлайн диалог барысында департамент басшысы қазақстандықтардың салық мәдениеті жыл санап жақсарып келе жатқанын айтып өтті.

«Мемлекеттік кірістер департаментінің миссиясы – салықтық және басқа да міндетті төлемдердің түсімін уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге мақсаттарға жету үшін мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсету. Жалпы салық мәдениеті тенденциясы жалпы жақсарып келе жатқанын атап өту керек. Заңбұзушылықтар көбінесе қандай да бір өзгерістер туралы уақтылы білмеудің салдарынан тіркеледі. Біздің салық төлеушілер өз міндеттемелерін уақтылы орындауға тырысады», - дейді Құлмұхамбет Исақов.


Соңғы жаңалықтар