Қазақстанда сәбилерге ең жиі қандай есімдер қойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігінің Азаматтық хал-актілерін тіркеу басқармасы 2019-2020 жылдары нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған министрліктің Facebook-парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, екінші жыл қатарынан елімізде ұлдар арасында Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері жиі қойылады екен. Мәселен, өткен жылы дүниеге келген 4268 сәбиге Әлихан, 3270 нәрестеге Айсұлтан, 2528 балаға Нұрислам есімі берілген. Биыл да аталған үш есім дәл осындай ретпен жиі қойылған. Нақты айқанда, Әлихан есімділердің саны – 1204-ке, Айсұлтандар – 841-ге, Нұрисламдар 765-ке көбейді.

Ал қыз балалар арасында 2019 жылы Райана (5601), Медина (5320), Айзере (4510) есімдері, осы жылы Медина (1289), Асылым (1183), Раяна (1172) есімдері жиі қойылған.


Соңғы жаңалықтар