Қазақстанда пошта тасымалында дрондардың үлесі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы дронмен жүк тасымалдау 10 есеге артты. Бұл туралы Астанада баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017 жылы шалғайдағы елді мекендерге хаттарды, газеттерді ұшқышсыз көлік түрімен жеткізу туралы жариялаған болатынбыз. Бұл жоба өткен жылы табысты түрді іске асырылды. Егер де 2017 жылы дрон көмегімен 1 150 келі газет пен журнал тасымалдап, 460 сағатта 16 мың шақырым жер еңсерілді. Ал 2018 жылы бұл көрсеткішті 10 есеге арттырдық», - деді С. Сәрсенов.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы дрондар көмегімен 11 000 келі мерзімдік бысылым тасымалданды. Бұл жоба Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы 150 елді мекенді қамтиды. 4 келіге дейін жүк көтере алатын 20 дрон іске қосылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылы «Қазпошта» АҚ-ның кірістері 11 пайызға артты. Былтыр клиенттерге 18,6 млн сәлемдеме жеткізілген, олардың 4,7 млн ішкі нарыққа тиесілі.

Соңғы жаңалықтар