Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 9 961 адам емделіп жатыр

None
None
НҰР-СЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақсанда осы уақытта коронавирустан 9 961 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 464 бала бар деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігнің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда осы уақытта стационарларда 2 992 науқас жатыр, 6 969 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда.

«Жалпы науқастардың арасында 228 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 22 науқастың жғдайы қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар